Қоғам 28.12.2018 сағат 03:36

«3 жасар қызымыз зорланды»: Шымкентте бүлдіршіннің туыстары тергеушілер істі жүргізбей отыр деп ашынады

Шымкентте үш жасар қыз балаға жыныстық сипаттағы зорлық жасалды деп күдіктелуде. Бұл туралы бүлдіршіннің туыстары мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

«3 жасар қызымыз зорланды»: Шымкентте бүлдіршіннің туыстары тергеушілер істі жүргізбей отыр деп ашынады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ата-анасы Шымкент қаласы Қаратау аудандық ІІБ-не шағым түсірген. Қыз баланың әжесінің сөзіне қарағанда, екі күннен бері баламен психолог жұмыс істемеген.

«Қылмыстық іс тапсырылған тергеуші бұл іспен айналыспай жатыр. Телефон соқсам жауап бермейді. 25 желтоқсаннан бері екі күн өтті. Бала ғой, ұмытып та кетуі мүмкін, бар болғаны 3 ақ жаста ғой. Тергеушілер не балабақшаға барып тергеу жүргізбеген. Енді өзім барып тергеушілермен бетпе бет жүздесіп іс туралы білмекпін. 25 желтоқсан күні балабақшадан келгенде байқадық. Іш киімінде қан дақтары болды», – дейді әжесі.

Шағым келтірген соң тергеушілер айғақты зат ретінде бүлдіршіннің қан дағы бар іш киімін алған. Баланы сот медицина сарапшыларына жіберген. Алдын ала сараптама нәтижесінде жәбірленушінің жыныстық мүшесінде зақымдануды анықтаған.

Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстарының басталып кеткенін мәлімдеді.

«25 желтоқсан күні Шымкент қаласы қаратау аудандық ІІБ-на кәмелетке толмаған қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық жасалды деген күдікпен Шымкент тұрғыны шағымданды. Шағым тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалған», – дейді Ә.Сәденова.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар