$ 494.87  520.65  4.91

Белгілі журналист шешініп әшекей таққан қызды елден қууды талап етті

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы шешініп қазақы әшекей таққан Шырын Нарчаеваны елден қууды талап етіп, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне үндеу жариялады. 

Дәулетбекқызы атышулы блогердің қазақ халқына ортаңғы саусағын көрсеткеніне қатты намыстанып кеткенін айтады. 

«Мына масқараны тоқтатайық, халайық! Қазақстан ішкі істер Министрі Қалмұханбет Қасымов, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаров, сіздерден мына сұмдықты тоқтатуларыңызды сұраймын! 

Осы қыздың қазағымның сәукелесімен елімізді қорлап жалаңаш шыққанын кеше көріп едік (мен ұялып ол суретті шығармадым), енді бүгін мына бейнежазбасымен бүкіл халықты жер етуде. Бұл – қазақтың қызы емес.

Әдейі ұлтараздықты тудырып отырған біреу. Шұғыл түрде жаза қолдануларыңызды талап етемін! Ұлттық құндылығымызды қаралағаны үшін қатаң заңмен жазаланып, елден қуылсын», – деп жазды журналист Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шырын Корчаеваның «кешірім сұра» дегендерге ортаңғы саусағын көрсеткені жайлы жазған едік.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары