$ 448.15  483.46  4.86

«Полиция бандиттері»: Желіде әріптестерін жаңа жылмен құттықтаған полицейдің видеосы жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Facebook әлеуметтік желісінде өздерін «бандит» деп атаған полицейлердің видеосы тарап кетті. Видеоны парақшасына жариялағандардың бірі Айгүл Орынбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жариялап, өз масқараларын шығарған құқық қорғау қызметкерлерінің әрекетін түсіндіруді сұрады. 

Видеода полиция формасын киген ер адам әріптестерін құттықтап, өздерін «полиция бандиттері» деп атаған. Тіпті барлық әріптесі бағынатын «Антибиотик» жайлы да айтып қалады. 

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Президенттен «Біздің қауіпсіздігімізді осыларға сеніп тапсырып отырсыз ба?» деп ашынып, «ішкі істер министрінің кланы бетперделерін шешті» деп жазба қалдырды. 

Желі қолданушылары болса, полицейлердің бұл әрекетіне ІІМ-нің қандай да түсінік беруін күтіп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары