Қоғам 03.01.2019 сағат 05:10

«Бандамыз!»: Әріптестерін жаңа жылымен құттықтаған полицей қызметінен қуылды

ҚР ІІМ Қарағанды академиясы бірінші курс басшысының орынбасары А.Тастайбеков қызметінен қуылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев Facebook парақшасында жазды деп жазады ҚазАқпарат.

«Бандамыз!»: Әріптестерін жаңа жылымен құттықтаған полицей қызметінен қуылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Тәртіптік комиссия шешімімен Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары А.Тастайбеков мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекеттер жасаған теріс қылығы үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар оқу орнының басшылығы мен оның тікелей бастығы да қатаң тәртіптік жазаға тартылды», - деп жазды Алмас Садубаев. 

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде полиция киіміндегі қызметкердің құттықтауы тарады. 

Полиция қызметкері құттықтау сөзінде қылмыс әлемінің адамдары жиі пайдаланатын сөздерді айтқаны үшін жұртшылықтың сынына ұшырады. 

Осыған байланысты ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев бұған дейін түсінік берген болатын.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар