Күні кеше ғана белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына «Дом» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин жайлы жазып, баланың еміне жиналған 22 мың долларды қалтасына басқанын айтқан еді.
Юрий Атинский есімді Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы да Айгүл Орынбектің жазбасының астына былай деп пікір қалдырыпты:
«2014 жылы танысымның баласы науқастанды. Олар Аружан Саинға хабарласып, бас-аяғы 50 мың доллар қаражат жиналды. Ал Саин болса, соманың 20 пайызын сұрады», – дейді Юрий Атинский.
Айта кетейік, Айгүл Орынбек 3 қаңтар күні науқас баланың анасы Мархабат Омишевамен тікелей эфирге шығып, Аружан Саинға қатысты «қайырымдылық» шарасының немен аяқталғаны жайлы баяндап берген еді.