$ 443.85  474.3  4.8

Астана-1 вокзалы уақытша жұмысын тоқтатады

Астана-1 темір жол вокзалы 24 қаңтардан кейін жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады деп хабарлайды «Жолаушылар  тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі. 

Астана-1 вокзалынан шығатын пойыздардың барлығы «Нұрлы жолға» ауыстырылды. 

36 пойыздың кестедегі уақыты өзгеруі мүмкін. 

«24 қаңтардан кейінгі уақытқа билет алған жолаушылар 105 телефон нөміріне немесе темір жол вокзалының анықтама бөліміне хабарласып, толық ақпарат ала алады», – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары