$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы жатақханада ер адам әйелге шабуыл жасады (ВИДЕО)

Астанадағы жатақхананың бірінде белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасады деп жазады Newtimes.kz.

Бұл оқиға 9 қаңтар күні «Астана-1» теміржол вокзалына жақын маңдағы Диваев көшесінде болған.Осынау сәттегі видео Instagram әлеуметтік желісіндегі astanovka98 тобында жарияланды.

Әйел сол күні жұмыстан кеш қайтқан. Үйге кіруге жақын қалғанда белгісіз ер адам оны тарпа бас салған. Жерге құлатып, қылқындыра бастапты. Сол уақытта шыңғырған дауысты естіген көршісі далаға шыққан. Әлгі адам қашып кетеді. Әйел ауыр жарақат алып, оны ауруханаға жеткізген.  

Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар әйелге шабуыл жасаған ер адамды іздестіруде.

«Бойы 170-175 см және 35-40 жастағы болатын ер адам ізідестірілуде. Сол күні ол үстіне қара куртка, басына бас киім киген. «Қарақшылық» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», – дейді Астана Полиция департаментіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары