$ 494.87  520.65  4.91

«Үйдің төбесі опырылып қалған»: Қарағанды облысында төрт баланың анасы жоқшылықта күн көріп отыр

38 жастағы жалғызбасты ана Любовь Литвинова төрт баласымен Қарағанды облысы Абай қаласында едені шіріп біткен, төбесі опырылып қалған үйде тұрады. Осы жайында жанайқайын жеткізген әйел жоқшылықта күн көріп отыр деп жазады newtimes.kz.

Әйелдің айтуынша, үй ескі, қабырғалары құлағалы әрең тұр. Бірақ әлі күнге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Төбедегі тесіктен қыстыгүні жел соққанда өздерін қоярға жер таппай қалады екен.

«Бұл үйдің екі бөлмелі пәтерінде он жыл бойы тұрып келемін. Әлі бірде бір жөндеу жқмыстары жүргізілмеді. Бұрын марқұм ағам қабырғасын сылап беретін. Бірақ екі жылдан кейін қабырғасы қайта бүліне бастайтын. Еден шіріп кеткен, пәтерден көгерген иіс шығады. Қабырғалар будан қарайып кеткен. Жаздыгүні дымқылдан жалаң аяқ отыра алмайсың. Аяғың тас болып қатып қалады. Бұл үйдің зардабын мен ғана тартып отырған жоқпын. Барлық тұрғындардың пәтерлері жөндеу жұмысына мұқтаж», - дейді жалғызбасты ана.

Қирағалы тұрған үйді қала әкімі келіп көріп кетіпті. Алайда, ешқандай шара қолданбаған. Ал Любовь Литвинова соңғы кезде бөлменің суықтығынан балалар жиі ауырып, ауруханадан шықпайтын болдық дейді.

«Мен жалғызбасты анамын. Күнімізді әрең көріп отырмыз. Ай сайын 34 300 теңге ғана жәрдемақы аламын. Ал бұл ақша жөндеу жұмыстарын жүргізуге жетпейді ғой. Әйтеуір балалардың дәрі-дәрмектерінен артылмайтын болды. Күйеуім маған жиі қол көтеретін болған соң, ажырасып кеттім. Қазір балаларына алимент те төлемейді, мен де сұрағым келмейді. Кейде балалардың тамағына қосымша ақша табайын деп, тапсырыспен торт пісіремін», - дейді шарасыз отырған әйел.

Балаларының тек тамағын ғана тауып беріп отырған ана оларды қосымша сабаққа бергісі келетінін айтады. Футболдан өтетін мемлекеттік жарыстарға 11 жастағы ұлын жібере алмай отыр екен. Өйткені оған қатысу үшін кем дегенде он мың теңге керек дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары