Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Рахат-2» ауданында жеңіл көлік өртке оранып, салдарынан жарылған. Оқиғадан бір адам зардап шекті деп хабарлайды Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
12 қаңтар күні Toyota Cаmry автокөлігі кешкі сағат 21:50-де өртеніп, сағат 22:01-де сөндірілді.
Өрттің 1987 жылғы ер азамат зардап шекті. Оның беті мен қолы күйіп қалған.
Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты. Ол аурухананың травматология бөлімінде жатыр.
Өрттің не себепті шыққаны анықталып жатыр.
Дереккөз:Inaktau.kz