$ 494.87  520.65  4.91

Әдемі бала туу үшін жыныстық қатынасқа қалай түсу керек?

«Көңілсізден көріксіз бала туылады». Мұның дөрекілеу айтылатын нұсқасы да ел арасында қолданылып тұрады...

Қазақта «көңілсізден көріксіз бала туылады» мәтел бар. Түпкі негізі – әрекетін шынайы ниетпен, қалауымен жасамағанның ісі ойдағыдай шықпайды дегенге саяды. Ал тікелей мағынасында мән бар ма? Яғни, көңілсіз жыныстық қатынастан пайда болған ұрпақтың көріксіз болуы мүмкін бе? Осы жөнінде ізденіп көргенде мынадай қызықты деректерге тап болдым. 

Бала әдемі болуы үшін көтермес бұрын 3 күн жыныстық қатынасқа түспеу керек... 

Баланың әдемі, сұлу да ақылды болып туылуы жөнінде тұтастай ғылым бар бар көрінеді. Ол – ежелгі гректің каллипедия деп аталатын ғылымы. Бүгінде оны биолог-ғалымдар да қолдайды. Грек тілінен аударғанда «калли» - «әдемі, ғажап», ал «педо» - бала дегенді білдіреді. 

Каллипедия заңдылығы бойынша, өмірге әдемі де бала әкелу үшін бірнеше ережесі орындалуы керек. 

1-ереже – болашақ әдемі баланың ата-анасы сәби құрсаққа бітерден кемінде 3 ай бойы дендері сау, ауырмауы тиіс. Тіпті, тұмаумен де ауырмауы керек.

 2-ереже – сол 3 ай ішінде барлық дәрі-дірмектен түбегейлі бас тарту керек, сондай-ақ жаман әдеттерден де... 

3-ереже – түнгі ауысымда жұмыс істеу, стрестік жағдайлар мен жүйке жұқартатын жұмыстардан да аулақ болуы тиіс. Мүмкін болса, сол 3 айда тыныққаны жөн. 

4-ереже – бала көтеруді жоспарлаған түнге дейінгі 3 күнде жыныстық қатынаста болмауы қажет. 

5-ереже – бала құрсаққа бітетін сәт – таңғы уақыт болуы керек. 

6-ереже – бала көтеретін ең ыңғайлы мезгіл – көктем. 

7-ереже – жыныстық қатынасқа түсетін жатын жайдың интерьері керемет әсер сыйлайтындай болуы тиіс. Әдемі картиналар, ашық та қанық түстер, жұпар иіс, төсектің таза әрі жұмсақ, денеге жағымды болуы жоғары рөл ойнайды. 

8-ереже – каллипедия ғылымында теңіз жағасында, әлемнің ең әдемі жерлерінде бойға біткен шарананың сұлу боларына кепілдік берілетін көрінеді. 

Newsli.ru келтірген мәліметтер осылай дейді. Мұндайда бүгінде жаңа үйленген жұптар «бал айын» өткізу үшін теңіз жағалауы бар экзотикалық жылы жаққа сапар шегетініне қарап «бір білгендері бар екен де...» деп қалғандайсың.

Дереккөз: Ernur.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары