Рудный қаласында ер адам қоқыспен бірге өртеніп кетті. Қазіргі уақытта ер адамның кім екені анықталу үстінде деп хабарлайды NUR.KZ.
Қайғылы оқиға кеше Рудныйдағы көп қабатты үйдің жанында орын алған.
Қызыл жалын 10 шаршы метрді құраған. Тұрғындар өрт сөндірушілерге хабарласқан. Ал өртті сөндіріп біткенде, өлі адамның денесі табылған.
Қазіргі уақытта ер адамның кім екені анықталуда. Айта кететіні, өрттен 58 жастағы екінші ер адам қашып құтылған.