$ 444.22  476.38  4.82

Астанада лифтте дәрет сындырған жігіт камераға түсіп қалды (ВИДЕО)

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде жігіт лифтте дәрет сындырған. Осынау сәттегі видео Instagram әлеуметтік желісіндегі astanovka98 тобында жарияланды.

«26 қаңтар күні Иманов көшесіндегі тұрғынүйдің лифтінде дәрет сындырған ер адам ұсталды. Осылайша, ол қоғамдық тәртіпті бұзды. Сондай-ақ, көпшілік жүретін орынды ластаған», – дейді полиция өкілдері.

Ер азаматтың 26 жаста екені анықталды. Ол кішігірім бұзақылық бойынша әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Оған белгілі мөлшерде айыппұл салынған.

Дереккөз: Newtimes.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары