$ 522.49  547.88  5.06

Сыбайластық «дөңгелек үстел» басында айтылды

Мақтарал ауданы прокурорының көмекшісі Ж.Сарсенбаев және аудандық ҚСжАЕЖБ-і аға прокуроры Қ.Қадырбаев Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында Мақтарал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары ұйымдастырған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты. Іс-шараға Мақтарал ауданының №3 МӨСБ және №20,21,22 ӨСБ басшылары қатысты.

«Дөңгелек үстел» басында прокуратура өкілдері заңды түсіндіріп, бөлім қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.   Прокуратура мамандары Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау арқылы әрбір азамат әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатын құқық бұзушылыққа жол бермеуге болатындығы туралы айтып өтті.  

- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады, - деп атап өтті прокуратура мамандары.

Іс-шара барысында прокуратура өкілдері «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жоспардың жаhандық және ішкі сын-қатерлерге жауап ретінде түсіну керектігін, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруіне септігін тигізетіндігі жөнінде айтып өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары