$ 494.87  520.65  4.91

Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамыздың азаматтық борышымыз

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсын да қатты алаңдататыны анық», - дейді Мақтаарал ауданындағы Асықата кентінің әкімі Б.Серіков.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған жиында ауыл әкімі қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сотшешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар арасында жиі кездесетінін атап өтті. 

Оның пікірінше, кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіпқатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. 

Жиынға ауылдық округтегі «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымы мүшлері қатысты.

- Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдан астам уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алған қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу - барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы екендігін білуіміз қажет, - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары