$ 514.65  544.6  5.17

Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды

Боранға байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» ЖШС мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 08:00-ден бастап «Екатеринбор-Алматы» жолының 1007-1247 шақырымындағы Атбасар мен Астана аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Астана-Петропавл» автожолындағы елорда мен Көкшетауға дейінгі учаске де жабық тұр. 

Мұнымен қоса, Көкшетау мен Петропавл аралығында да барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары