Жыныстық қатынастың денсаулыққа пайдасы жайлы көп айтылады емес пе? Бірақ оның зияны бар ма деген сияқты «арам ой» келмей ме?
Бұл әйелдердің ағза ерекшеліктеріне байланысты.
Әйелдердің жыныстық мүшесі жарақат алуға бейім. Сондықтан, жыныстық қатынас жиілеп кеткенде бұлшықет пен қынап сіңірлері, шырышты қабығына зақым келіп, асқынып кетуі мүмкін.
Тағы бір қауіптілігі – соңы қабынуға алып баратын қынаптың алдыңғы қабырға терісінің жыртылуы. Сирек болса да, мұндай жағдайлар кездеседі. Мұнда медицина маманының көмегінсіз жағдай қиын болады.
Жүрек ақауы бар әйелдер үшін де жыныстық қатынасқа жиі түсу және тым белсенді болу қауіпті. Бірақ, төсек қатынасынан да бас тартуға болмайды, тек дәрігермен кеңесіп, жүрек жаттығуын жасау керек.
Ал сау адам үшін төсек қатынасының өзі – жүрекке жаттығу.
Әр әйелдің өз «дозасы» бар.
Төсек қатынасына жиі түсу адамның қуатын да көп жұмсайды. Демек, қуаты артығымен жұмсалған әйел шаршаңқы болады. Шаршап тұрған әйел кейде абдырап-абыржып қалуы да мүмкін. Ал абыржыған әйелдің қай ісінен болса да береке қашады.
«Жыныстық қатынасқа жиі түсу» дегенді әр жұп өзі анықтайды. Яғни, әрбір жұптың өзіндік мөлшері бар. Сол сияқты, әр әйелдің де өзіндік «дозасы» бар. Бір әйелді аптасына бір рет алған ләззат қанағаттандырса, енді бірінде ол екі рет болуы мүмкін. Тіпті, одан да жиі қатынасқа түссе де шаршамайтын қуатты әйелдер жоқ емес.
Дереккөз: Ernur.kz