$ 494.87  520.65  4.91

Жемқорлықпен күресу – баршаның парызы

«Мақтаарал ауданындағы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімдігінде құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын алу және cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жылдық іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар өз деңгейінде атқарылып келеді» деп хабарлады аталмыш ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-заңгері М.Ешанкулов.

Бас маман-заңгердің мәлімдеуінше, ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері, ауыл билері, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, жастардың қатысуымен әр тоқсанда бір рет, атап айтқанда 2015 жылдың 6 қаңтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру», 2015 жылдың 31 наурызында  «Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықты болдырмау шаралары» тақырыбында құқықтық оқулар өткізілген.

- Елбасы құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларына халықты, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарды тарту, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды ынталандырудың жаңа жүйесін енгізу қажеттігін атап өткен болатын. Аталған бағытқа сай қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту бойынша ауыл билерінен қоғамдық кеңес құрылып, әрбір отбасында, мәдени ошақтарда қоғамдық тәртіптің сақталуын, әрбір азаматтың құқығының қорғалуын қоғамдық кеңесте шешіп отырады, - деп атап өтті М.Ешанқұлов.

Оның мәлімдеуінше, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімдігінде сыбайлас жемқорлық  бойынша заң бұзушылықтар туралы ақпаратты жасырын түрде хабарлауға арнылған 37-5-15, 37-3-61 сенім телефондары қондырылған.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімдігінде азаматтардың ұсыныс пікірлерін жинақтау жәшігі орнатылған. Аулдық округі әкімдігінде ауыл әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау өз деңгейінде жүргізілуде және жеке қабылдау тақтасы ілініп, әр аптаның сейсенбі, жұма күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін жеке қабылдау жүргізіледі. 

- Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және нақтылау мақсатында қызметкерлер арасында үнемі құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыру жолға қойылған. Ауыл әкімі аппаратында мемлекеттік қызметші өз уақтысында 2015 жылдың сәуір айына дейін Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасына декларацияларын уақтылы тапсырып, мемлекеттік қызметшілердің жеке іс қағаздарына енгізілген. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты түскен арыз-шағымдар осы кезге дейін болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа тартылған (азаматтар) мемлекеттік қызметшілер болған жоқ, - деп хабарлады ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-заңгері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары