$ 524.65  552.19  5.14

«Шректің келіншегі ме?»: желідегілер Қызылордадағы мүсінге қатысты шу шығарды

Facebook әлеуметтік желісінде Қызылордадағы қазақ қызының мүсініне қатысты шу шықты. Көпшілік ұлттық киімдегі аруды еркекшора қызға ұқсатып жатыр. 

Өмірзақ Ақжігіт есімді танымал журналист желідегі парақшасына мүсіннің фотосын бөлісіп, авторына іздеу салды. 

«Мына ескерткіш, рас болса, Қызылордада тұр екен. Қазақ қызын бұдан артық қорлау, бұдан артық мазақ ету мүмкін емес шығар. Қызылордалықтар, жасатқан әкімдер Нәлібаев пен Көшербаевтың бірі шығар. Ал, жасаған авторлары кім, ортаға салыңыздаршы, ондай керемет «мүсіншілерді» де біле жүрейік», – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары да автордың бұл пікіріне қосылып отыр. 

«Театрдағы халықты күлдіруге шыққан әйел рөліндегі еркек қой бұл»,  «Қазақ қызының мүсінін сомдаған мүсінші де, тапсырыс берген әкімде дарынсыз екен», «Шректің келіншегі ме?»,  – деп пікір қалдырды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары