12.02.2019, 11:55

Өскемендік жануар қорғаушылар ерекше ауруы бар итті тауып алды

«Преданное сердце» қоғамдық ұйымы ерекше ауруы бар күшікті тауып алды деп жазады YK-news.kz.

Жануар қорғаушы ұйымына күшікті Өскемендегі жеке үйлердің бірінде тұратын адамдар ауласынан тауып ап әкеп берген. Иттің алдынғы аяқтарының қисайып қалғанын анық көруге болады.

Жеті қазынаның бірі қазір толық медициналық тексерістен өтіп жатыр. Кейін қажетті емін қабылдайтын болады.