$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бірнеше дүкенде ішімдік сатуға тыйым салынды

Алматы облысы көлемінде өткізілген «Профилактика» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жүз елуге жуық көңіл көтеру орындары мен тәулік бойы қызмет ететін сауда орталықтарына рейдтік шаралар ұйымдастырды.

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Алматы облысының полицейлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабына сәйкес түнгі уақытта немесе 21 жасқа дейінгі тұлғаларға алкогольдік өнімдерді саудалағаны үшін 40 астам сауда орнына қатысты хаттама толтырып, сот органдары арқылы 3 дүкеннің алкогольдік өнімдерді сату лицензиясын уақытша тоқтатты»,- деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Мас күйде жасалатын түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, әсіресе, жасөспірімдердер арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған арнайы шара барысында 400-ге жуық тәртіп бұзушылықты анықтадық. Іс-шара барысында түнгі мезгілде спирттік өнімдерді саудалағаны үшін сот органдары арқылы Қапшағай қаласындағы 3 дүкеннің алкоголь өнімдерін сатуға арналған лицензиясы уақытша тоқтатылды»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Сонымен қатар, тәрбиесіндегі жасөспірімнің жеке-дара түнгі мезгілде қоғамдық орындарда жүруіне жол берген 134 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары