$ 494.87  520.65  4.91

«Басым бәлеге қалды»: Өскеменде көпбалалы анаға көмектесемін деген азаматқа 100 мың теңге айыппұл салынды

Астанада өрттен қаза болған 5 қыздың өлімінен кейін жер-жерде көпбалалы аналардың проблемасы көтеріліп жатыр. Жағдайы төмен отбасыларға үй әперіп, қаржылай көмектесіп жатқан қайырымды жандар да бар. Жақсылық қылғандардың біріне күні кеше 40 АЕК (100 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

Өскемендік азамат көпбалалы ана Әйгерім Әлімжановаға таңертең 5 тонна көмір тиеп, жолға шығыпты. 

«Таңғы сағат 10-да тоқтатқаннан жол бойында әлі тұрмын. Көмектесемін деп бәлеге қалдым. Транспорттық бақылау деген бәле болды. 10 мың, 20 мың теңге ақша сұрайды. Әбден басымды қатырып болды», - дейді қайырымдылық жасаушы азамат. 

Бұл ақпаратты өзінің Facebook әлеуметтік желісіне бөліскен Қанат Оралбек есімді азамат 40 АЕК көлеміндегі айыппұлды ел боп жинап төлеуден басқа амалымыз жоқ деп отыр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары