$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда көп балалы аналар әкімдікке келді (ВИДЕО)

Бүгін Алматының Алатау ауданы әкімдігіне ондаған көп балалы ана жиналды. Азаттыққа хабарлауынша, келгендер аудан әкімімен кездесуге жиналған. Алайда, әкім Шахмерден Рыспаев қала әкімдігіндегі жиналыста болғандықтан аналардың алдына оның орынбасарлары шықты.

Жиналған көп балалы аналар «өткен аптадағы қалалық әкімдіктегі кездесуде дүйсенбі күні Алатау ауданы әкімі осы ауданға қарасты аналарды қабылдайтынын айтқан», сол үшін олар бүгін жиналған екен.

Жарты сағаттан кейін жиынға аудан әкімі Шахмерден Рыспаев келді. Ол Алатау ауданы көп балалы аналар ең көп тұратынын аудан екенін, мұнда үш мыңға жуық көп балалы ана тұратынын айтты. Әкім, өзіне бұған дейін де келген аналардың мәселелерін «заң шеңберінде шешуге тырысып жатқанын» жеткізді.

Аналар әлеуметтік көмектің жетпейтінін сондықтан жәрдемақыны көбейтуді, баспана алуда жеңілдік жасауды сұрап отыр. Жиыннан Азаттық тікелей трансляция жасап жатыр.

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған еді.​ Осы оқиғадан кейін көп балалы аналар наразылығы күшейген.

6 ақпанда Астанада жүздеген ана жиналып, биліктен жәрдемақы мен жөргекпұлды өсіруді, көп балалы отбасылардың балаларына тегін білім беруді, ана мен баланы тегін емдеуді, баспана алуды жеңілдетуді талап еткен. Кейін астаналық аналардың талабын басқа аймақтағы әйелдер де қолдаған.

6 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халық тұрмысын жақсарту үшін үкіметте жұмыс тобы құрылған. 12 ақпанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова​ жұмыс тобы аясында көп балалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қаралатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары