Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 тамызына қараған жағдайға сәйкес 10 530 жаңа жұмыс орындары ашылды, Соның ішінде өнеркәсіп саласында - 827, сауда - 2 418, көлік және байланыс саласында - 679, білім және денсаулық сақтау саласында - 1 741, құрылыс және коммуналдық шаруашылығы саласында - 1 678 орын ашылса, 3 187 жұмыс орыны басқа да қызмет салаларында құрылған.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 3 252 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжірибесінен өтуге 325 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 400 адам қайта даярлауға бағытталды, деп хабарлайды елорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ 104 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.