Жоғалып кеткен Владимир Губарецтің туыстары онымен бірге тұрған өскемендік әйелге іздеу салды деп жазады YK-news.kz.
1993 жылғы жігіт осыдан 5 жыл бұрын жоғалып кеткен. Ұлдарынан үміт үзген туыстары енді онымен бірге тұрған 25 жастағы қазақ әйелді іздеп отыр.
Айтуларынша, Владимир жоғалар алдында ол жүкті бопты. Қазір шамамен 4-5 жастағы қызы бар. Жігіттің жақындары анасы мен сәбиін табамыз деп үміттенеді.