$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 16 жастағы қыздарға ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасатуға рұқсат берілмейтін болды

16 жастағы қыздарға ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс көпшіліктің талқылауына түсті. Министрлік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасының қазіргі редакциясында бұл ұсыныстан бас тартты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«16 жастағы жасөспірімдерге медициналық кеңес пен көмек көрсетілуі туралы норма көпшіліктің талқылауына түсіп, ол соңында түсік мәселесіне алып келді. Біз түсікке жақтасып жатқанымыз жоқ, керісінше керек емес жүктіліктің алдын алу шарасын айтып жатырмыз. Сондықтан кодекс жобасының редакциясында 16 жастағы жасөспірімдерге медициналық қызмет рұқсат беру мен 18 жастан бастап ата-анасының және заңды өкілдерінің рұқсатынсыз түсік жасау туралы айтылды. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер түсікті ата-ананың және заңды өкілдерінің рұқсатымен ғана жасай алады», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова.

2018 жылдың күзінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 16 жастағы қыздарға түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс жасаған. Өйткені, 2017 жылы 3,5 мың оқушы қыз ана атанған.

«Біздің балалар 16 жасында өздеріне көп жауапкершілік алады. Оларға медициналық көмектің кез келген түрін алуы қажет. Біз оларды барлық жағынан қыспақтаймыз. Сарапшылардың айтуынша, олардың тәрбиесіне мән бермегендіктен өзіне-өзі қол жұмсап түсік жасатады», - деген еді Елжан Біртанов ұсынысқа өз ойын білдіріп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары