$ 494.87  520.65  4.91

Саясаткер 23 жастағы модельдің пәктігін 2 млн еуроға сатып алмақшы

Өзінің пәктігін сатылымға қойған әзірбайжандық модель Махбуба Мамедзаде сатып алушы азаматты тапты. Бойжеткеннің пәктігін токиолық саясаткер 2 миллион еуроға бағалаған деп жазады woman.ru сайты.

Модель тапқан қаражатына үй сатып алмақшы. Ол тіпті анасын алып, АҚШ-қа көшуді де жоспарлап қойған.

«Анам екеуміз үй сатып алу үшін осы қадамға бардым. Осы уақытқа дейін анам мен үшін барын салды. Енді менің кезегім. Анамның менімен мақтанғанын қалаймын», - дейді Махбуба.

Айта кетейік, Махбубаның пәктігін аты-жөні белгісіз Токионың саясаткері сатып алмақ.

Ал модельге қымбат баға ұсынғандар арасында лондондық заңгер мен мюнхендік футболшы да бар.

Журналистердің мәліметінше, Махбубе мен ер адамның кездесуі Германияда өтеді.

Дереккөз: Nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары