Ақсу қаласындағы Генадий Головкиннің жанкүйерлері боксшыны қолдау мақсатында GGG форматында қарағай ағаштарын отырғызды.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
«Қазақстандық боксшы Генадий Головкинді қолдау мақсатында 33 қарағайды GGG логотипіне ұқсатып ектік. Бір әріпке 11 ағаштан отырғызылды. Ақсулық жас спортшылар боксшыға арнап, «GGG – біз сенімен біргеміз!» атты флешмоб ұйымдастырды», – дейді Еркебұлан Күнтуған.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин-Лемье жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madisson Square Garden-де өтеді.