$ 494.87  520.65  4.91

Біз біргеміз, берік іргеміз

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...Мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр», -деп көрсеткен болатын. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көмек көрсету жайлы атап өтті.

Қай қоғамда болсын, қайырымдылық пен қолдауды қажетсінетін жандар болмай тұрмайды. Әсіресе, мұндай көмекке көп балалы тұрмысы төмен отбасылар, қамқоршысынан айырылған көп балалы аналар зәру екені айтпаса да белгілі.

Алматы қаласында әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген қоғамның мүшелерінің өзекті мәселелерін шешу үшін арнайы жұмылдырушы топтар құрылып, еңбек етуде. Тұрмысы төмен, табысы аз, тұрақты баспана мәселесі шешімін таппаған отбасылардың үйіне барып, жай-күйлерімен танысып, тұрақты түрде әлеуметтік жағынан қолдау жасауда. Бұл топтарда қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Жақында Нұр Отан партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлының бастауыменен партия конференциясында «Бақытты отбасы - Алматы» қоғамдық қорын құру туралы шешім қабылданды. Бұл жақсы іс Алматы қаласының маслихат депутаты Мұрат Әділханұлы Әділхановтың ұсынысын бір ауыздан қолдауымен құрылып отыр. Алматы қаласының әкімі Бауржан Қыдырғалиұлы Байбек жаңа қор жүмысына сәттілік тілеп, қаланың белгілі азаматтарын тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына көмек көрсетуге шақырды.

Қазақ қоғамы үшiн отбасы – өмiрге бағыт-бағдар беретiн ұлы құндылықтың бастауы, тəлiм-тəрбиенiң негiзi. Болашақ ұрпақтың

қалыптасуының алтын ұясы. Сол себептен де болар, бабаларымыз «Отан» сөзiнiң ұғымын ең əуелi отбасымен байланыстырған. Отбасы – бір шағын мемлекет. Ал, мемлекеттің байлығы адам, сонда тұратын əрбір отбасы. Бақытты отбасы – іргесі берік, тəуелсіздігі тұғырлы елдің негізгі байлығы.

Қорға ақша түсіру азаматтардан ерікті түрде жарна жинау және заңда тиым салынбаған қаржы түсірудің жолдары негізінде мекемелердің демеушілік көмектерімен қаржы аудару арқылы жүзеге асырылады.

Қордың негізгі мақсаты халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына, жалғызбасты аналарға, асыраушысынан айырылған қарт зейнеткерлерге, мүгедек азаматтарға, көп балалы отбасыларға, ата-анасынан ерте айырылып, қамқорлықсыз қалған балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларын тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектесу болып табылады.

Қор қызметкерлері қоғамның әлсіз топтарына бірнеше бағытта қызмет көрсетуді мақсат етіп қойған. Атап айтқанда, тұрғын үй бағдарламасы бойынша тегін кеңес беру, заң қызметтерін көрсету, өмірдің қиын жағдайында қалған көп балалы аналарға психологиялық тұрғыдан көмек беру қызметтерін көрсетеді..

Жабырқаған жанның жанынан табылу, шарасызға көмек қолын созу, мұқтаж жанға қайырымдылық көрсету – халқымыздың қанына біткен асыл қасиеттерінің бірі. Қазақ ықылым заманнан бері жетімін жылатпай, қиын жағдайда қалған ағайынына көмек қолын созып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Ұлы Дала төсінде ынтымақта өмір сүрген халық.

Бұл ретте Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс. ...Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда», -деп айтқан қанатты сөздері еліміздегі әлеуметтік саланың дамуына зор серпіліс беретіні анық.

Көмек көрсетушілірге көп рахметімізді айтамыз. Олардың ішінде Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Қазанбаев Қ.О, маслихат депутаттары Әділханов М.Ә., Гарбер А.И.. Қасымов Е.Б., «Алматыижстрой» акционерлік қоғамы, Өрлеу біліктілік арттыру ұлттық орталығы және тағы басқалар.

Қорға көмек көрсетем деушілерге келесі есеп шотты ұсынамыз – Халық банк. Тіркелу № 116016-1910-ФД

БИН – 190240024506

Халық банктегі есеп шоты – KZ096018771000050471

Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы, «Бақытты Отбасы – Алматы» қоғамдық қорының төрағасы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары