$ 446.49  475.38  4.79

Астаналық әйел баласын дүкенге жұмсағаны үшін келінін үйінен қуып жіберді

Астаналық 25 жастағы келіншек енесінің бір күнде үйден қалай қуып жібергені жайлы айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Ол күйеуі Жараспен студенттік кезден бастап араласқан екен. 

«Жарас өте сымбатты жігіт болатын. Университеттегі барлық қыз оған ғашық еді. Бір күні сабақтан келе жатқан жолда ол көлігімен жаныма тоқтап, жеткізіп тастастағысы келетінін айтты. Мен әрине алғашында қарсылық көрсеттім. Бірақ кейін ол мені көндірді.

Дипломымызды алған соң екеуміз отбасын құрдық. Енем мені о бастан жақсы көрмеді. Әкем жоқ екенін үнемі бетіме басатын. Мен де марқұм әкемнің жақсы адам болғанын айтатынмын. Бірақ құлақ аспайтын. 

Бір күні жұмыстан келе жатқан күйеуіме жолай дүкенге соғып, нан ала келуін өтіндім. Осыны естіген енем айқай шығармасы бар ма. Сол күні мені үйден қуып шықты», – деген ол 6 айдан бері анасымен бірге тұратынын айтты. 

Анасы ажырасқанын айтып, Жарастың да шаршатып жіберіпті. 

«Айрылысып кетсек те, үйге келіп тұрады. Әлі бір-бірімізді жақсы көреміз. Күйеуім анасын қатты сыйлайды. Сол үшін оған қарсы ештеңе деп сөйлей алмайды. 

Бір өкініштісі – әлі күнге бала көтере алмадым. Аяғым ауырласа, бала тапсам, енем бәлкім немересін жақсы көрер деп үміттенемін», – деп ол сөзін аяқтады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары