Бұған дейін әлеуметтік желіде облыс әкімінің қабылдауына келген жүкті әйелдің «таяқ жегені» жайлы мәлімет тараған болатын. Осыған қатысты жергілікті полицейлер бүгін брифинг өткізіп, ақпараттың жалған екенін хабарлады.
Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы, алматылық Құрал Сейітханұлы желіге облыс әкімінің қабылдауына келген қызылордалық көпбалалы, жүкті әйелді ұстап алып, сабағаны жайлы жазған болатын.
Полицейлер оқиғаны растамай отыр.
«Бұл ақпарат 5 наурыз күні түнде жарияланды. Дереу жіті тексеріс жүргізіп, оқиғаның болмағанын анықтадық», - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов.