$ 494.87  520.65  4.91

«Жабық киімдегі қызды пәк деп ойлайсың»: Алматылық ару хиджабтан неліктен бас тартқанын айтты

Алматының тумасы 25 жастағы Диана Ричмонд бір жылдары хиджаб киген. Алайда, кейіннен хиджабты шешуіне тура келіпті деп жазады «NewTimes.kz».  

Диана Алматыда дүниеге келгенімен, оның әкесі англиялық, ал анасы қазақ екен. Айтуынша, әкесі қызының католик дінінде тәрбиеленгенін қалаған. Бірақ Диана ислам дінін таңдапты. Сөйтіп мектепті бітірген соң ол Дубайға оқуға аттанған. Сол жақта араб жігітін кездестіреді.

«Мен ол жақта сүйген адамымды кездестірдім. Екеуміз бір жыл жүрдік. Сол уақыттарда мен хиджаб кие бастадым. Жігітімнің ата анасы менің шешіміме қуанды. Ал менің анам мен әкем қатты ренжіді. Тіпті әкем менімен ұзақ уақытқа дейін сөйлеспей қойды», дейді Диана.

Алайда, алматылық ару араб жігітімен қосыла алмапты. Содан бір жылдан кейін хиджабын да шешіп тастаған.

«Хиджаб киіміндегі аруды көргенде пәк деп ойлайсың. Ал менің ішкі дүнием оған сай келмеді. Сол себептен де хиджабты шештім. Бірақ бірнеше достарым содан кейін менімен араласпай кетті», дейді алматылық ару.

Кейіннен Қазақстанға демалуға келген Диана қазіргі күйеуін кездестіріпті. Қазір бір қыздары бар екен. Бірақ өзі әлі күнге дейін Дубайда тұрады. Дегенмен болашақта өз еліне қайта оралып, бизнес ашу ойында барын жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары