Орал қаласындағы Халықаралық әуежайындағы дәретхананың сыйқы жұрттың жағасын ұстатты. Құбырларынан су аққан, едені болса тесіліп қалған.
Осынау сәттегі видеоны «Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев өз Facebook-парақшасында жариялады.
«Мынау Орал қаласының Халықаралық әуежайы дәретханасының түрі. Мынаны Халықаралық әуежай дейді. Су ағып жатыр, мына «плитка» Ленинді көрген плитка-ау шамасы», – дейді кадр сыртында видео авторы.
Халықаралық әуежай дәретханасының сыйқы Арман Шораевтың ғана емес, желі қолданушыларының да сынына қалды.