Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы антикоррупциялық саясат және әлеуметтік саланың ондағы рөлі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Оған департамент, «Нұр Отан» партиясы, қШымкент қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің өкілдері, қалалық спорт мектептерінің директорлары мен олардың орынбасарлары, №11 жекпе-жек түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы қатысты.
Жиында қазіргі таңда, жемқорлықпен күрес бір ғана мемлекет емес, бүкіл әлем елдеріне ортақ маңызды мәселе екені, сыбайлас жемқорлықпен күрес үнемі жаңа шешімдерді іздеуді, оның ішінде еліміздің саяси және қоғамдық күштерін нығайтуды қажет ететіні айтылды.
Отырысты қорытындай келе қатысушылар жергілікті атқарушы органдар жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын одан әрі жақсартып, оны мақсатты және тиімді жүргізілуіне бақылау жасауға, ҚР заңдарын қатаң сақтау және құрметтеу сезімін тәрбиелеу, тәртіп пен құқықтық тәртіпті арттыру үшін қызметкерлер арасында үгіт-насихат жұмысын жандандырып, жемқорлықты болдырмаудың алдын алу шараларын жүргізу қажеттігіне тоқталды.
Бұдан былай да жемқорлық құқық бұзу әрекеттері үшін жазадан бұлтартпау және жемқорлық көріністерінің барлық фактілерін көпшілікке жария ету қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарының талаптарын мүлтіксіз орындау жұмысын күшейту туралы сөз етілді.
Қалалық спорт және денешынықтыру бөлімімен келісілген жоспар бойынша алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары Шымкенттегі барлық спорт мектептерінің ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресу туралы семинарлар өткізбек.