$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде семіз балалардың саны артуда

Қазақстан бойынша орта есеппен балалардың 28%-ында, ал кейбір өңірлерде сол аймақтағы балалардың 33%-ында артық салмақ бар. Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясы Тамақтану проблемалары институтының директоры Ерболат Дəленов мəлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жалпы, денсаулықты сақтау үшін ең бірінші дұрыс тамақтану керек, сонымен қатар, балаға физикалық салмақ түсуі керек. Қазір балалар дұрыс тамақтанбайды, оларға тəттіні көп береміз. Мектепте тəтті тамақтарды, мысалы, шоколад пен газдалған сусындарды сатуға тыйым салсақ та, сабақтан шыққаннан кейін бəрібір газдалған су ішіп, тəтті жейді. Кешке үйге келген баланы ата-анасы тойдырып тамақтандырады. Ал адам ағзасы өте «ақылды», бала күні бойы дұрыс тамақ ішпей, үйіне барып тойып тамақтанғанда, ағзасы автоматты түрде май жинай бастайды, себебі, ертең тағы күндіз бойы ағза дұрыс тамақтанбайды деп ойлайды. Осылайша, май қорлары жинала бастайды. Бұны ғылыми түрде зерттеп, ата-аналар мен оқушыларға айтып жүрміз», – дейді Дəленов.

Ерболат Дəленов еліміз бойынша артық салмағы бар балалардың көбейіп бара жатқанына алаңдайды.

«Қазақстан бойынша артық салмағы бар балалардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Соңғы бес жылда кейбір өңірлерде артық салмағы бар балалардың саны екі есеге артқан. Негізі, Қазақстан бойынша балалардың 28 пайызында, ал кейбір өңірлерде 33 пайызында артық салмақ кездеседі. Артық салмақ денсаулықты бұзады, егер бала артық салмақтан арылмаса, болашақта қант диабетіне шалдығуы мүмкін», – дейді тағамтану маманы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары