$ 494.87  520.65  4.91

Биіктерге білікті басқарушылар бастайды

«Елдi өркендетуге бағытталған бес институттық реформаны жүзеге асыру үшiн Елбасы Н.Назарбаев «100 нақты қадамды» ұсынды. Бұл қадамдардың бәрi мемлекетiмiздi, қоғамымызды жаңғыртуға бағытталған. Әсiресе, бүгiнгi жаһандық дағдарыс алқымнан алып тұрғанда, «100 нақты қадамның» мән-мағынасы зор, ол мемлекетiмiздi тығырықтан шығаратын бiрден-бiр жол деп бiлемiз», - дейді Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылдық округi әкiмiнiң кеңесшiсi Рысбай Тұрабаев.

- Ұлт жоспарының 15-қадамы мемлекеттiк аппараттың кәсiби деңгейiн түбегейлi көтеруге бағытталған. Жалпы, еңбек өтiлiм 40 жылдан асса, оның 30 жылында мемлекеттiк қызметте болғандықтан шынында да жан-жақты бiлiмдi, бiлiктi, өз iсiн жетiк бiлiп, халыққа адал қызмет ететiн мемлекеттiк қызметшiлер ғана осы реформаны жүзеге асырады деп ойлаймын, - дейді ол.

Ақсукент ауылдық округi әкiмiнiң кеңесшiсi мемлекеттiк қызметшiлердің мемлекеттiк қызметке төменгi лауазымдардан бастап тағайындалатынын өте дұрыс қадам деп есептейді. Оның айтуынша, мұндай тәжiрибе бұрынғы кеңестiк дәуiрде де болған. Ол бұл қадамның  мемлекеттiк қызметшiні бiлiктi маман етіп қалыптасатыратынына  сенімді.

- Мемлекеттiк қызметке алғаш рет қабылданушылар үшiн мiндеттi түрде үш және алты айлық сынақ мерзiмi белгiленбек. Осы арқылы мемлекеттiк қызметке сәйкестiгi, лайықтылығы анықталады және тамыр-таныстыққа, ағайын-туыстық, тағы басқа да жағдаймен қызметке орналасатындарға тосқауыл қойылады. Мемлекеттiк қызметтiң қиыншылығы да, қызығы да жетерлiк. Және олар елiмiздi осынау қиын кезде тығырықтан алып шығуға елеулi үлес қосады деп санаймын, - дейді Ақсукент ауылдық округi әкiмiнiң кеңесшiсi Рысбай Тұрабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары