Өскеменде ата-анасынан құрбыларымен кездесуге барамын деп сұранып кеткен 15 жастағы Мөлдір Батырхан іздестріліп жатыр деп жазады Устинка LIVE.
Сіңлісі Дана Батырхан әпкесі жоғалғаннан кейін 1 күн өткен соң ғана полицияға хабар бергенін айтады. Мөлдір бұған дейін де ата-анасымен ренжісіп, үйден кетіп қалыпты. Бірақ ол кезде қайда, кіммен екенін хабарласып айтқан екен.
Бұл жолы хабар ошарсыз кеткен жасөспірім қызды ата-анасы құрбыларынан да, сыныптастарынан да сұрастырған. Айлайда ешқандай ақпарат жоқ.
Мөлдір Батырхан күлгін түсті толстовка, көк джинсы және ақ красовка киген. Көрген, білгендер болса, туыстары мына байланыс нөміріне хабарласуын сұрайды: 8 705 666 67 21.