Танымал отандық актер Жан Ізбасар әйелі мен мүгедек баласын тастап кеткен. Ол 3 жылдан бері ұлын мүлдем көрмепті. Мүгедек баланы жалғыз асырауға мәжбүр болған актердің бұрынғы әйелі көпшіліктен көмек сұрайды. Жан айқайын Назгүл Ізбасар КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында жеткізді.
Жан Ізбасардың баласына БЦС спастикалық диплегия диагнозы бір жарым жасқа келгенде қойылған. Бірақ актер ажырасқаннан кейін ұлын іздеп бірде-бір рет келмепті. Оның еміне көмектесуден де бас тартып отыр екен. «Балаға бір жасқа дейін көмектесті. Бірге толғанша бірге тұрдық. Ол уақытта жақсы қарады. Содан бізге балаға мүгедектік алу керек болды. Бірақ бір жарым жасқа келгенде баласына мүгедектік рәсімделгеннен кейін Жан үйден кетіп қалды», - дейді Назгүл. Актер баланың мүгедек болып туылғанына бұрынғы әйелін кінәлайды екен. «Маған ауру бала керегі жоқ. Сен өзің тудың. Өзің көтересің бәрін. Мен келмеймін деп кетті. Содан бері хабар жоқ. Бала не ішіп-жеп жатыр оны ойламайды. Бірде-бір рет жағдайын сұрап хабарласқан емес», – дейді Назгүлдің анасы Нұржамал. Қазір Назгүлдің анасы Нұржамал мүгедек немересін қарау үшін жұмысын тастаған. Ал Назгүл жұмысқа шығуға мәжбүр болыпты. Жекеменшік құрылыс компанияда істейтін келіншектің бар жалақысы баланың еміне кетеді. «Оған үйленгенде басынан аяғына дейін киіндірдім. Не қаласа соны алып бердім. Қандай дәрумен жеймін десе де, жеткізіп отырдым. Мандарин, банан сияқты жемістерге дейін жәшіктеп бердім. Бірақ науқас бала туылды. Өз міндетімді толықтай атқардым. Бұл жерде менің жазығым не? Мен неге кешірім сұрауым керек? Иә, мен қыдырдым, ішімдік іштім. Бірақ бұдан кейін менде сау бала дүниеге келді. Менен ешқандай кінә жоқ», - дейді Жан Ізбасар. Қазір Жан Ізбасар тек алимент қана төлеп тұрады. Алайда, бір жыл ішінде берген алименті небәрі – 114 мың теңге. Ал баланың еміне Назгүлдің айтуынша ай сайын 250 мың теңгедей ақша кетеді екен.