$ 494.87  520.65  4.91

Сорқұдық: Шелекте құдыққа түсіп қаза тапқан екі сантехниктің жақындары басшылықты кінәлайды

Былтыр Шелек ауылындағы орталық ауруханада құдыққа түсіп қаза тапқан екі сантехниктің жақындары олардың өліміне басшылықты кінәлайды. Олар жанайқайын КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында жеткізді.

«Өмірбай құдыққа түскен бойда жан тапсырған. Бірақ жансақтау бөлімінде алты сағат жатқан. Өліп қалған соң оны қасындағы әріптесімен бірге балконға шығарып тастаған екен. Ауруханаға қызымыз екеуіміз барғанда бізге ештеңе айтпады», – дейді марқұм Өмірбай Естемесовтың әйелі Эльмира.

Марқұмның әпкесі де інісі мен оның әріптесінің өліміне Шелек ауруханасы ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі Әркен Үшүровты кінәлайды.

«Құдыққа ең бірінші менің бауырым түскен. Техниканың дамыған заманында кәріз құдығына адамды түсіріп өлтіру не сұмдық? Аркен Ұшыров інімнің жуастығын пайдаланып, оны әртүрлі жұмыстарға жұмсайтын. Тіпті үйінің жұмысына дейін істеткен. Мен інімнің мәйітін көрдім, үсті-басы көгеріп кеткен. Неге бұлар су құбырын қарайтындарды бұрыннан шақырмаған? Біз өлімге кінәлілердің өз жазасын алғанын қалаймыз. Бірақ бұлар қылмысты ақырында жауып тастай ма деп қорқамыз», – дейді марқұм Естемесовтың әпкесі.

Алайда, аурухана ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі Әркен Үшүров кәріз құдығына түсіп, газдан уланып қаза тапқан екі сантехниктің қазасына өзін кінәлі санамайтынын айтады. Қазір Әркен Үшүров жұмыссыз. Ол былтыр қыркүйек айында өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш жазған.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары