Алматы облысында түрме басшысы мен бас есепшісі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қапшағай қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қалалық сотымен Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша РММ ЛА-155/8 ДУИС мекемесінің бұрынғы басшысы Жаңаберген және осы мекеменің бас есепшісі Тохтахуноваға қатысты қылмыстық іс қаралды.
«Іс материалдарына сәйкес, Жаңаберген ЛА-155/8 мекемесінің басшысы бола тұра, бас есепшімен бірге мекеменің ішінен дүкен үшін алаңды жалға алған жеке кәсіпкерді тексеру-өткізу орнынан кедергісіз өткізу үшін және жазасын өтеп жүрген тұлғаларға тауарларды сату мақсатында ай сайын ақы төлеуге мәжбүрлеген. Осылайша сыбайластар жеке кәсіпкерден 230 мың теңге көлемінде пара алды», - дейді соттағылар.
Сот үкімімен Жаңаберген мен Тохтахунова ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алуы») кінәлі деп танылып, басқарушы лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылып, мүлкі тәлкіленіп, оларға жалпы режимді түзеу колониясында 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.