Астаналық интернет мамандар балаларды қауіпті ақпараттан қорғауға арналған «Виртуалды бала күтушісі» деп аталатын сервис ойлап тапты, деп хабарлайды Baq.kz.
Программист әрі «Виртуалды бала күтушісі» Артем Штерн бүгінгі күні балалар интернеттің ең белсенді қолданушыларының бірі болғандықтан, олар кез-келген сайтқа кіре алатындығын алға тартады.
— «Дұрыс емес» сайттар түр өзгертуге бейім келеді. Яғни, бүгінгі күні адамзат қаншалықты техникалық қамтамасызданған болса да, біз тірі адамның қадағалауына еш нәрсе жетпейді деген шындыққа келіп тоқталамыз. Осыны ескере отырып біз «Виртуалды бала күтушісі» сервисін ойлап таптық, — дейді ол.
Сөз арасында Артем Штерн сервистің жұмыс істеу принципі жайында қысқаша баяндап берген болатын.
— Аталмыш сервистің қызметкерлері ата-аналардың сұрауы бойынша балалардың компьютер, планшет, ұялы телефондарын және баланың қайда жүргендігін алыстан бақылап отырады. Бұл бағдарлама хакерлік бұзуға жатпайды, өйткені баланың ата-анасымен келісім-шарт жасалып, заңды түрде рұқсат алынады. «Виртуалды бала күтушісі» баланы бақылап отырғанымен, оның ешқандай әркетін бұғаттамайды. Мониторға баланы ақылға шақыратын пікірлер ғана шығарады, — дейді жоба құрастырушысы.