Несие алмасаңыз да банкке қарыз боп шығуыңыз мүмкін. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Қостанайда клиенттерінің құжаттары арқылы несие алып келген банк қызметкері ұсталды. Лисаковск қаласының 25 жастағы тұрғыны қаржы ұйымына жүгінген бірнеше азаматтың төлқұжаттарын пайдаланып, микрокредит рәсімдеп тастаған! Шығын көлемі 500 мың тг. Мұндай жағдай Алматыда да тіркелді! Былтыр жергілікті полийцейлер азаматтардың жеке куәлігі, төлқұжаттарын пайдаланып, жүйелі түрде несие алып келген ондаған қылмыстық топты әшкерелепті. Алаяқтар жоғалған құжаттарды хабарландырулар арқылы тауып, жалған документтер жасап отырған! Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Құжаттың көшірмесі немесе оның иесінсіз несие беретіндер кімдер? Әдетте банк өзіңіз барып қол қойып, келісім жасамасаңыз, бақыр тиын да ұстатпау керек қой!
Сіз 200 мың теңге шағын несие алдыңыз. Оны 1 млн 200 мың қылып қайтаруыңыз керек. Онлайн несие берушілердің шырмауына түстім дей беріңіз. Торға түскен шыбындай шырылдасаңыз да, өрмекшіден құтқарар ешкім жоқ. Алдымен, Онлайн несие берушілердің қызметін реттеуші орган жоқ, былайша айтқанда ешкімге бағынбайды. Микрокредит немесе микроқаржы ұйымдарының санатына жатпайды. Жекелеген компания немесе фирмалар.
Біздің елде онлайн кредит беретін компания мен ұйымдар Ресей, АҚШ, Еуродақ елдері мен Украина. Біздің халықты шырылдатып миллиондарын алады, сосын ол қаражат осы елдерге қарай асады. Оның қожайындары шетел азаматтары екендігін де жоққа шығаруға болмайды.
Яғни біздегі қарапайым халықтың қамын ойлап, ақшадан тарықпасын деп отырған ешкім жоқ. Былайша айтқанда жұртты тонау дейді экономистер.
«Көптеген шағын несие ұйымдары екі пайыз, екі жарым пайыз күніне үстеме алып отырған. Бұны былай қарайтын болсақ, күніне 2-2,5 пайыз деген сөз бір жылға келгенде кем дегенде 700 пайыздан 900 пайызға дейін өсімді көрсетеді. Бұл мүлдем ешқай жерде жоқ, миға қонбайтын космостағы үлкен цифрлар», - дейді экономист Мақсат Халық.
Космостағы цифрлар қораға кіргізеді жалпақ тілмен айтсақ. Қарағанды қаласынан келген мына азаматшаның басынан өткен жайт осыған дәлел.
«2016-жылдың қыркүйек айында мен онлайн несие арқылы 66 мың теңге алдым. 80 мың 400 қып қайтаруым керек. Алайда біраз уақыттан соң мені автобуста тонап кеткен соң ақшадан қиналып, кредитімді төлей алмай қалдым. Компанияға жағдайымды түсіндіріп, төлем уақытын тоқтата тұруды немесе ішінара қарызды қайта бөлуді сұрап хат жаздым. Олар тыңдамады, толық соманы талап етті де, арбитражды сотқа беріп, істі коллекторлық агенттікке жолдады. Коллекторлар ақшаны аз-аздан бөліп төлеуге келісті. Бірақ бұлай болмай шықты. 2017 жылдың наурыз айында менің қарызым 1 млн 200 мыңға жетті», дейді Альбина Юлдашева.
Мұндай жағдайда қайтесіз. Сотқа шағымдануыңыз керек. Сөйтсек шағын несие проблемалары арбитраждық сотпен реттеледі. Яғни жеке сот. Ал несие беруші мен жеке сот ауыз жаласуы мүмкін ба? Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Амалсыз ақшаны қайтару үшін борышкерлер тағы да микронесие алады. Сөйтіп шырмауықтан шыға алмайды. Ол аз десеңіз компания ақшаны сотқа дейін өндіріп алған соң, сот арқылы қайтадан төлеуге міндеттейді екен. Ал, заң қайда қалды?
«Банк туралы заңға келсек онда бәрі түсінікті, ұлттық банктің лицензиясын алмаған ұйымдар несие бере алмайды. Бірақ азаматтық кодекстің 36 бөлімінде 715 баптан 728 бапқа дейін тұтас ережелер бар. Микронесие ұйымы ретінде тіркелмесе де жеке компаниялар қарыз бере алады. Және оның жылдық пайыздық ставкасы 1000 ға дейін кетіп қалады. Мысалы 50 мың тг несие алсаңыз, оны милллион қылып қайтарасыз. Бұл баптарға тек 2018 жылдың шілде айында ғана өзгерістер енгізіліп, пайыздық ставка 100 ден аспайтын болсын деп шешкен», - дейді Антиколлекторлық компанияның Қазақстандағы өкілдігі жетекшісі Екатерина Прокудина.
Яғни 100 мың теңге қарыз үшін миллионға ұрынбайсыз. Ең жоғарғы пайыздық ставка 100 ден аспайды. 30 мың алсаңыз, ең көбі 60 мың қып қайтарасыз. Алайда осы талапты сақтап отқан компаниялар бар ма?