$ 494.87  520.65  4.91

«Олар жауапкершілігі жоқ жігіттер»: Келіншек эфирде азаматтық некеде тұратындарға көзқарасын айтты (ВИДЕО)

«7-арнадан» шығатын «Өз ойым» бағдарламасына келген Әйгерім Мәдікен есімді келіншек азаматтық некеде тұратындарға қатысты өз пікірін жеткізді. Оның ойынша некесін қимай, бір шаңырақ астында өмір сүруге ұсыныс жасайтын жігіттердің жауапкершілігі жоқ. 

«Бұл біздің менталитетімізде жоқ. Батыстан келген нәрсе. Бұндай қадамға жауапкершілікті мойнына алғысы келмейтін ер адамдар барады. Отбасы болғаннан кейін тұрмыстық қиындықтар туғанда ол  «біз түсініспей қалдық» деп ажырасып кетіп жатады. Ал ер мен әйел осындай қиындықтарға төзіп, бірге шешу керек», – дейді ол. 

Тағы бір студия қонағы азамттық неке екі адамның бір-бірін тануына мүмкіндік беретінін айтады. «Тойдан кейін 1 жылға жетпей ажырасып, баланы жетім қылғанша, бір шаңырақта өмір сүріп көрген дұрыс» дейді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары