Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурыз күні президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін қарағандылықтар #МеніңПрезидентім #ТұңғышПрезидент #ҚарағандыЕлбасыменБірге хэштегтерімен челлендж бастады.
Әлеуметтік желі қолданушылары парақшаларына Назарбаевпен түскен суреттерін жариялап, оған алғыстарын жеткізді.
«Президентпен кездесуді көп армандап, дәл алдына барғанда атымды зорға айтқан едім. Оның энергиясы мен жылы жүзі мені есенгіретіп тастағандай болып еді. Әлі күнге есімді жия алар емеспін», - деп жазды Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Марина Шаповалова.
Ал Мика Мырзабекова есімді Қарағанды тұрғыны президентпен кездесуін әкесі әлі күнге ұмытпай, айтып жүретінін жазды.
«Әкем Батырбек Мырзабеков Назарбаевпен Жезқазған-Бейнеу темір жолының ашылуында кездескен. Сол кездесі сезімін әлі күнге айтып жүреді», - деп ол сөзін #ҚарағандыЕлбасыменБірге хэштегімен тәмамдады.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызды президенттік өкілеттігін тоқтататын мәлімдеген болатын.