$ 448.15  483.46  4.86

Павлодарда коньяк шөлмектеріне қазақы киімдер «кигізіп» сатып жатыр (ВИДЕО)

Павлодарда алкогольдік ішімдіктің шөлмектеріне қазақы киімдер «кигізіп» сатып жатыр.  Бұл туралы видеоны Амангүл Маженова есімді желі қолданушысы Facebook әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жариялады.

Коньяк шөлмектерінің сыртына қазақы киімдер киген адамдардың суреттері жабыстырылған.

«Міне, коньяк шөлмегінде мынадай суреттер бар екен. Қазақ киімін киген әйелдің және ер адамдардың суреттері бар. Бұл «Ала-тау» деген коньяк. Павлодарда сатылып жатыр», – дейді кадр сыртында сөйлеген ер адам.  

Желі қолданушылары қазақтың ұлттық киімін коньяк шөлмегіне жарнамалаған компанияны сынға алды. Сондай-ақ, ұлттық киімді қорлау деп таныды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары