$ 447.4  477.55  4.76

Іш киімсіз жүрудің денсаулыққа қандай пайдалары бар

Әлемнің үздік ғалымдары біріге отырып жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижесінде іш киімсіз жүрудің ерекше пайдасы анықталды. Мамандар жазда іш киім киіп жүру адам денсаулығына қауіпті екенін дәлелдеді деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жаз уақытысында іш киіммен жүрудің қауіпті болуының басты себебі терлеу болған. Тершеңдік салдарынан дымқылданған дамбал бактериялардың сүйікті мекеніне айналады.

Гинекологтар тері қышымасы болмаған жағдайда қақаған ыстықта іш киімсіз жүрген жөн деп есептейді. Өйткені жыныс мүшелерінің өзі дымқыл келгендіктен, 30 градустық ыстық салдарынан адам одан бетер терлейді. Оның нәтижесінде бактериялар қаптайды.

Ыстық ауа райында іш киім теріні қажап тастауы әбден мүмкін. Оның салдарынан жыныс мүшесінің маңы ісініп кетеді. Бұл жайт қан айналымның бұзылуына тура апар жол.

 

Мәселен "стринги" дамбалдары жыныс мүшесіне анальді бактериялардың кіріп кетуіне себепкер болған. Сексуалды денсаулық жөніндегі маман Синди Баршоптың айтуынша, тері қажалуы салдарынан дене мен жыныс мүшелерінің ісінуі орын алып, ұзаққа дейін кетпей қояды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары