11 сәуір күні сағат 17:30-да елордада 7 жасар ұл бала су толы 4 метрлік құдыққа құлап кеткен. Ауладағы балалардың жан даусын естіген ер адам дереу құдыққа түсіп, баланы сыртқа алып шыққан деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
1988 жылғы Талғат Сапаров есімді ер адам құдыққа түсіп, баланы сыртқа шығарып алған. Алайда оқушы дем алмай жатқан. Жедел-жәрдем келгенше оған алғашқы көмек көрсетіп, өкпесіне массаж жасаған. Бірнеше минуттан кейін бала дем ала бастаған.
Сәби № 2 ауруханаға жеткізілді.
Баланы өлімнен арашалап қалған Талғат Сапаровты төтенше жағдайлар департаментінің басшысы арнайы қабылдап, алғыс айтпақ.