«7-арнадан» шығатын «Өз ойым» ток-шоуының продюсері Жангелді Таңатбекұлы пәктігін саудалаған бойжеткеннің шындығын әшкере еткен Нұрболхан есімді әзілкешті видео-батлға шақырды. Продюсердің бейнеүндеуін әзілкеш өзінің Instagram-парақшасында жариялаған.
«Өз ойымның артын аштым деп алты алаштан сүйінші сұрап жүрген Нұрболхан, мен сені ертең видео-батлға шақырамын. Қай жерде болатынын жекеңе қалдырдым»,-деген продюсер бейнежазбада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан есімді жігіт «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған бойжеткеннің рөл ойнағанын айтып, бағдарламаның өтірігін ашқан болатын.