$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады

17 сәуірде елімізде теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады, деп хабарлайды «Қазтелерадионың» баспасөз қызметі.

Ұлттық оператордың мәліметінше, 2019 жылдың 17 сәуірінде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік телерадиохабар тарату желілерінің техникалық қондырғыларында қызмет жабылуына байланысты жоспарлы-алын алу жұмыстары жүргізіледі.

«Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік және эфирлік желілердегі техникалық қондырғыларда қызмет жабылуына байланысты жоспарлы-алдын алу жұмыстарын тоқсан сайын жүргізеді. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен қатар, тоқсандық жоспарлы-алдын алу жұмыстары қызметті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді, әрі осы мерзім ішінде техникалық қондырғыларды жетілдіру бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздық туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз»,-делінген хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары