$ 494.87  520.65  4.91

Блогер: Пәктігін сатқан қызды жарнамалап, қытайға таба, қырғызға өсек болдық (ВИДЕО)

Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге сатамын деп елді дүрліктірген қыздың рөл ойнағанын әшкере еткен Нұрболхан тағы да көпшілікке жар салды. Бұл жолы аталмыш бағдарламаны қазақты жерге қаратты деп, жерден алып, жерге салды.

«Бізді әлем танып жатыр. Бұл сенiң еңбегiң, Өз Ойым! Ендi, таза еңбек сiңiрген қайраткер болдыңдар.Дегендерiңе жеттiңдер! Керегi рейтинг пе едi?! Әлемдiк рейтингке шықтыңдар.

Жауыңа сыр алдырма деген сөз бар. Әлемнің халық саны бойынша төрттен бір бөлiгiн құрайтын Қытай сайттары жарысып жазып, шулап жатыр екен. Қырғыз ағайындар жар салып жүр.

Шетелге шығып Қазақпын деп, кеудеңдi керiп жүрiп көр ендi»,-дей отырып, әзілкеш қазақ үшін ұялатынын айтты.

Ал, желі қолданушылары бұған Ләйлә Сұлтанқызын кінәлап, бағдарламаны жабуды талап еткен. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан есімді жігіт «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған бойжеткеннің рөл ойнағанын айтып, бағдарламаның өтірігін ашқан болатын. Ал, ток-шоудың продюсері Жангелді Таңатбекұлы пәктігін саудалаған бойжеткеннің шындығын әшкере еткен әзілкешті видео-батлға шақырды. Кейін Нұрболхан Instagram-парақшасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын аталмыш бағдарлама продюсерінің артына тығылмай, ашық сөйлесуге шақырды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары