$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында көп балалы анаға кәсіпкер пәтер сыйлады

Алматы облысында қайырымды жандар 7 баланың анасы Назгүл Кужекееваға баспана сыйлады. 17 сәуір күні пәтер кілті көпбалалы анаға табысталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Назгүл Кужекеева 7 баланы жалғыз асырайды. Баспананы «АСПМК-519» ЖШС басшысы Виктор Сычев алып берді. Нотариус қызметкері Оксана Войтюк ХҚКО-ның тіркеу бойынша қызмет ақысын төледі. Қала әкімі Бахтияр Өнербаев баспаналы болған отбасыны құттықтады.

«Бұл үйде бала күлкісі сыңғырласын. Енді баспаңыз бар. Барлық жағынан қолдап отырамыз», - деді әкім.

Көпбалалы ана қуаныштан көз жасына ерік берді. Кәсіпкерге жақсылығы үшін алғыс айтты. 

«Үнемі үйіміз болса деп армандаушы едік. Бізге көмектескен барлық жанға алғыс. Жаңа үй жарық, әдемі екен. Жеке меншігімізде жер де бар екен», - деді Назгүл Амангелдіқызы.

Назгүл Амангелдіқызы 7 баланы жалғыз асырап отыр. Ең кішісі 2018 жылы туған. Үлкені 10 жаста. Олар Бақтыбай ауылына көшіп келген. Өзі «Күміс алқа» иегері. Ай сайын жәрдемақы алып отырады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары